Android XR: Google технология кеңістігін кеңейтіп жатыр

Google компаниясы Samsung және Qualcomm-мен бірлесіп істеген Android XR атты жаңа операциялық жүйені таныстырды. Жүйе жасанды инттелект, AR және VR мүмкіндіктерін кіріктіріп, ақылды көзілдірік сынды XR (extended reality) құрылғылардың әлеуетін кеңейтпек.

Android XR: Google технология кеңістігін кеңейтіп жатыр
Фото авторы: Android Developers Blog

Осы уақытқа дейін біздің технологиямен қарым-қатынасымыз тікбұрышты экранмен, яғни монитор, ноутбук, телефонмен шектелді. Алайда технологияның қарыштап дамуы әрі оның қолжетімді болуына байланысты бұл шекаралар едәуір кеңейді.

Google компаниясының кезекті жаңа өнімі — Android XR операциялық жүйесі жұмыс, білім алу және шығармашылық үшін кеңейтілген мүмкіндіктерді ұсынады. Операциялық жүйе Marvel фильмдерінде IronMan киген ақылды көзілдірік секілді адамның виртуал әлем өнімдерін шынайы өмірден ажырамай пайдалануына жол ашады.

Қазіргі таңда тестілеуден өтіп жатқан Android XR көзілдіріктері күнделікті өмірге ыңғайлы шешімдер ұсынады. Мәселен, көзілдірікті тағып алып, жол бағдарын сызуға, бейнелі аударма жасауға және хабарламаларды қарауға болады.

Видео қайнаркөзі: Google

Android XR жүйесінде жұмыс істейтін алғашқы құрылғылар, соның ішінде Samsung компаниясының Project Moohan (бүркеншік атау) гарнитурасы 2025 жылы нарыққа шығады. Құрылғыны басқару, жоспарлау және ақпарат іздеу сияқты тапсырмаларда Gemini AI көмекші болмақ. Одан бөлек, YouTube, Google TV, Google Maps және Chrome сияқты қосымшалар жаңа форматқа бейімделіп, Circle to Search сынды жаңа функциялар да жүйеге енбек.

Google командасының Android XR жүйесін таныстыруы

Операциялық жүйе және оның мүмкіндіктері туралы толығырақ Android XR сайтынан білуге болады.

Read more

Гәп ойнау тиімді ме?

Гәп ойнау Қазақстанның көп өңірінде кездеседі. Атауы әр өңірде әртүрлі. Өзара сенген адамдар тобы, яғни туыс-туған, дос-жаран ай сайын ақша жинап, әрбірі жеребе бойынша жиналған соманы алып отырады. Бұл не үшін керек? Ойын қайдан шықты? Гәп ойнайтын адамдар не дейді?

By Редакция
«Нақты жоспар мен ішкі тәртіп керек». Қарыздан құтылу жолы қандай?

«Нақты жоспар мен ішкі тәртіп керек». Қарыздан құтылу жолы қандай?

Қазақстанда еңбекке жарамды 9 миллионнан аса азаматтың 80 пайызында кредит бар. Ресми дерек бойынша, 1,7 млн адам алған несиесін қайтара алмайтын жағдайға кеткен. Биыл азаматтардың микрокредиттік ұйымдардан қарыз алуы жиілеген. Қарыз қамытынан құтылудың жолы қандай?  

By Аида Зайнуллиева
Астанада сайлау мен адам құқығы мәселесі талқыланды

Астанада сайлау мен адам құқығы мәселесі талқыланды

23 қарашада Астанада TedxAstana қауымдастығы тоғызыншы конференциясын өткізді. TedxAstana Salon атты жиынға ондаған адам қатысып, Қазақстандағы және әлемдегі сайлау процесі мен адам құқығы мәселелерін талқылады. Редакция жиын кезінде айтылған ойларды қысқаша шолып шықты.

By Dina Aitbekova