NVIDIA Қазақстанда жасанды зерде бойынша білім беру бағдарламаларын іске қоспақ.

Цифрлық даму министрлігі NVIDIA өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның оқу орындарында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларын іске қосу туралы келісімге келді.

NVIDIA Қазақстанда жасанды зерде бойынша білім беру бағдарламаларын іске қоспақ.

Министр Жаслан Мәдиев бастаған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы АҚШ жұмыс сапары аясында Сан-Франциско қаласындағы NVIDIA компаниясының бас кеңсесіне барып, жасанды зерде және суперкомпьютер технологиялары бойынша ынтымақтастық орнату туралы келіссөз жүргізді.

Екі тараптың кездесу сәтінен көрініс | ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Министрлік баспасөз қызметінің хабарынша, қос тарап бірлесе отырып Қазақстанның оқу орындарында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларын іске қосады. Білім беру мазмұны қазақ тілінде жүргізілмек. Аталмыш жоба Deep Learning Institute бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Deep Learning Institute (DLI) – NVIDIA компаниясының бастамасымен құрылған білім беру платформасы. Оның мақсаты – адамдар мен ұйымдарды NVIDIA технологияларын пайдаланып, ЖИ қолданбаларын жасауға және осы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету. Платформада ЖИ, терең оқыту (Deep Learning), жеделдетілген есептеу (Accelerated Computing) және тағы басқа бағыттар бойынша NVIDIA мамандары жүргізетін түрлі оқыту форматтары бар.

Одан бөлек жасанды зерде саласындағы талантты жас мамандарды анықтап, қолдау көрсету үшін хакатондар мен буткемптер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Министрлік бұндай шаралар жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға және Қазақстанның аймақтағы инновациялар орталығы ретінде өз позициясын нығайтуға ықпал ететініне сенімді.

Read more

«Қаржы сауаты бюджетті бақылаудан басталады». Қарыз бен несие қақпанына түспеудің жолы қандай?

«Қаржы сауаты бюджетті бақылаудан басталады». Қарыз бен несие қақпанына түспеудің жолы қандай?

Қазақстанда несие қарызы артып, әр азаматқа шаққанда 1 млн теңгеден асқан. Қаржыгерлердің айтуынша, қаржы сауаттылығын арттыру қажет. «Төрт конверт» әдісі мен «20 пайыз ережесін» ұстану шығындарды бақылауға, жинақ қалыптастыруға және қарыздан арылуға көмектеседі.

By Аида Зайнуллиева