Роберт Дауни Jr. ендігі Marvel әлеміне жаңа кейіпкер ретінде оралмақ
Роберт Дауни Marvel фильмдеріне қайта оралды, алайда бұл жолы Темір адам рөлінде емес, жауыз кейіпкер Доктор Думды сомдайды.
Сан-Диегодағы Comic-Con 2024 шарасында Marvel өзінің жаңа жобаларын таныстырды. Солардың ішіндегі ең күтпеген жаңалық — Роберт Дауни Jr. Marvel кинематографиялық әлеміне Доктор Дум ретінде оралатыны жарияланды.
Доктор Дум – Marvel әлеміндегі ең қорқынышты және күрделі кейіпкерлердің бірі. Бұл жобаны «Avengers: Infinity War» (2018) және «Avengers: Final» (2019) фильмдерінің атақты режиссерлері, ағайынды Русо жүргізеді. Айта кетейік, аталмыш фильмдер Marvel кинематографиясындағы ең көп табыс әкелген фильмдердің арасында екінші орынды еншілеп тұр.